Әлеуметтік көмек көрсетеді
Әлеуметтік көмек көрсетеді
158
оқылды

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық филиалы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты елордалық филиалы және BF Меreke қоғамдық қайырымдылық қоры арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Ме­морандумның негізгі мақсаты – әлеуметтік сектор саласындағы ынтымақтастық пен қайырымдылық.

2020 жылы құрылған BF Меrеkе қоғамдық қайырым­ды­лық қоры осы уақытқа дейін «Мек­тепке жол», «Отбасы от­басына көмектеседі», «Жылу сый­лау», «Кере­мет күн» атты стра­тегиялар ая­сында жасалған акциялар ар­қылы азаматтарға түрлі көмек қолын созды. Игі істердің ішінде демеушілер ар­қылы аз қамтыл­ған отбасыларға, мұқтаж жан­дарға көмір үлестіріп, киім-ке­шекпен қам­тамасыз етіп, мектеп оқушы­лары бар отбасы­ларға оқу құрал-жаб­дықтарын таратқан. Бүгінде қайырым­дылық қоры бо­йынша жалпы 24 миллион тенге көле­мінде көмек көрсетілген.

Дәулет АСАУ