«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында «Аграрлық секторды дамыту» және «Өңірді дамыту» бойынша қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Облыстық мәслихат депутаты Имамзада Шағыртаев төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Жалағаш ауданы бойынша сайлауалды бағдарламаның Жол картасы аясында мәлімделген міндеттердің орындалуы бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебі, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру» және аудан орталығынан ашылатын 2 әлеуметтік дүкен мәселесі және «Жалағашсушар» өндірістік учаскесінің 2021 жылғы су тапшылығының алдын алу жұмыстары және алдағы жоспарлары талқыланды. Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында биыл аудан орталығы мен Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл туралы Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Ә.Бақтыбаев айтып өтті. Аудан орталығынан ашылатын әлеуметтік мәселе бойынша кеңес тарапынан тиісті ұсыныс ұсынылды. Күн тәртібіндегі Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебі бойынша жол сапасына байланысты қадағалау жұмыстарын күшейту назарға алынды. «Жалағашсушар» өндірістік учаскесінің 2021 жылғы су тапшылығының алдын алу жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы есебі бойынша кеңес мүшелері өз ұсынысын жеткізді. Алдағы жылға тиісті жоспарды жасау, су тапшылығына байланысты ауыл шаруашылығы бөлімімен бірлесіп егістік көлемін жобалау, каналдарды тазалау жұмыстарына қадағалауды күшейту жайы қаралды. Кеңес мүшелері әрбір хабарламашыларға ұсыныс беріп, тиісті ұсыныстың орындалуын қадағалайтынын жеткізді.Дәулет АСАУ