Қазақстандық клуб қолаға таласады

қазақстандық клуб

Таиланд елінде волейболдан Азияның клубаралық чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні жартылай финал кездесулері өтті.

Еліміз атынан аттанған «Буревестник» есе жіберді. Алматылық клуб бұл жолы Қатардың «Аль-араби» командасымен жолыққан. Тартысты өткен кездесу 5 кезеңге созылды. Қазақстандық клуб бірінші және үшінші бөлімдерде басым болды. Бірақ жалпы есепте 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Енді олар таиландтық командамен кездесіп, қола жүлдеге таласады.

«Буревестник» жарыстың алғашқы күндері Таиланд, Шри-Ланка және Кувейт елінің волейболшыларын ұтқан. Ал Ирактан келген командаға есе жіберді.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.