Этносаралық келісім: Қазақстан көпке үлгі
Этносаралық келісім: Қазақстан көпке үлгі
451
оқылды

Тараз қаласында «Қазіргі кезеңдегі этносаралық ке­лісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» атты халықаралық ғы­лыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны Ақ­па­рат және қоғамдық даму министрлігі, Жамбыл об­лысының әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды.

Отандық және Ресей, Ук­раи­на, Өзбекстан, Израиль және Бол­га­риядан келген шетелдік сарап­шылар мен ғалымдар қатысқан кон­ференция Президент Қасым-Жо­март Тоқаевтың құттықтау сөзі­мен ашылды. Президент өз құттықтауында жалпыұлттық бірлікті Қазақ­стан­ның барлық жетістіктерінің баста­уында тұратын баға жетпес байлы­ғымыз ретінде атап өтіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшы­лығымен елімізде этнос­аралық ке­лісімнің өзіндік моделі қалып­тас­қанына тоқталған. Со­нымен қатар Мемлекет басшысы Қазақ­стан өзінің ұлттық біре­гейлігінің негізі саналатын «бір­лігіміз – әр­алуандықта» деген қағидатты берік ұстанып келе жатқанын атап өткен. «Жаһандық және өңірлік дең­гейдегі жаңа сын-қатерлер жағ­дайында ел бірлігін нығайтудың маңызы арта түсті. Адамзат әлі күнге дейін төзімсіздік пен ксе­нофобиядан арыла алмай отыр. Көптеген мемлекетте этнос­ара­лық сипаттағы әлеуметтік шие­леніс өршіп барады. Сондықтан ха­лық­аралық қауымдастықтың алдында осы түйткілді мәселені шешудің тиімді жолдарын іздеу, қоғамдық дамудың жаңа инклю­зивті моделін әзірлеу міндеттері тұр. Бұл ретте сарапшылар мен кәсіби зерттеу­шілердің ғылыми ұстанымнан ай­­нымай, белсенді жұмыс істеуі аса маңызды», – делінген құттықтауда. Жиында «көпэтносты елді мекендердегі әлеуметтік проб­лемаларды шешудегі жергілікті атқарушы органдар мен азамат­тық институттардың рөлі», «шие­ле­ніс­тер мен наразылық көңіл күйлердің алдын алу және оларды ескерту», «мультимәдени ортада­ғы қақты­ғыс­тардың алдын алу ісіне ғылыми-сараптамалық әле­уетті пайдалану», «қоғамдық ке­лісімді нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен БАҚ-тың рөлі» тақырыптарында сек­ция отырыстары өтті. Конференцияның бірінші күні сарапшылар қақтығыстар мен наразылық көңіл күйлердің негізгі себептері, заманауи қо­ғамдардағы этногенездің жаңа аспектілері, жергілікті деңгейде этносаралық қатынастарды рет­теудегі жергілікті атқарушы ор­гандардың рөлі және әлемдік тәжірибе, этносаралық инте­гра­ция саласындағы әлеу­меттік-экономикалық саясат сын­ды тақырыптарды талқылады. Конференцияның екінші күні қатысушылар шекара маңы ынты­мақтастығы және халық дипло­матиясы, әлеуметтік желі­лердегі қақтығыстық жұмылдыру, жаһан­дану және ксенофобия, қақты­ғыстарды басқару және бірегейлік саясаты, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да өзекті тақырыптар жайлы сөз қозғады. Жиынға қатысқан сарап­шы­лар мұндай тақырыптардың кө­тері­луі­нің өзі маңызды екенін атап өтті. Украиналық саясат­та­нушы Андрей Бузаров жиынның Жамбыл жерінде өтуіне назар аударды. «Бұл тақырыптағы конферен­цияның Жамбылда өтуі өте ма­ңызды, өйткені мұнда этнос­ара­лық диалог құру тәжірибесі қа­лып­тас­қан. Егер келіспеушіліктің этнос­аралық аспектілері, тілге қатысты түсініспеушіліктер бол­са, оны ушықтырудың қажеті жоқ, ерте бастан алдын алып, олар­ды тыңдай білу керек. Сіздер осыған айрықша ден қойған­сыз­дар. Бұл аса ма­ңызды», – деді Андрей Бузаров. Ал израилдік саяси сарапшы Дэвид Эйделман: «Дәл осы Та­разда бірегейлік саясатына қа­тысты сұ­рақ­тардың талқылануы­ның сим­вол­дық мәні зор. Мені осы тұр­ғы­дағы мәселелердің қазақстандық шешу жолдары қызықтырады. Өйт­кені Қазақ­стан – этностық тұр­ғыдан өте күр­делі мемлекет. Мы­­салы, Ук­раи­надағы секілді жағ­­дайлардың бол­мауына сіздер­дегі саяси бас­шы­лықтың, Тұңғыш Президент – Елбасы мен қазіргі Мемлекет бас­шысының еңбегі елеулі», – деді.

А.СҰЛТАН