Нұр-Сұлтан полициясы аялдаманы, сондай-ақ екі көліктің терезесін кірпішпен сындырған бұзақының ұсталғаны туралы видео жариялады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Шығын мөлшері анықталып жатыр", - дейді Байқоңыр ауданы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Сайранбеков.