Шаруалар арнайы әдіспен жем-шөп дайындау көлемін арттырмақ
Шаруалар арнайы әдіспен жем-шөп дайындау көлемін арттырмақ
Сурет: depositphotos.com

Шымкентте осы жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және жем-шөп сатып алу шығындарын арзандату бойынша қажетті қаржы көлемінің сомасы белгілі болды, - деп хабарлайды "Отырар" басылымы. 

Осы мақсатта жергілікті бюджет қаражаты есебінен 248,0 млн. теңге қаражат қарастырылып отыр. Сонымен қатар, қуаңшылықтан сақтауды жетілдіру бойынша қала аумағында шаруашылықтармен бірлесе жұмыстар атқарылуда. «Қасқасу-С» шаруа қожалығында мал азықтық дақылдар егілетін жерге тамшылатып суғару әдісімен бір жыл ішінде 4 рет өнім алу көзделіп отыр. Шаруалар шетел тәжірибесін пайдалана отырып, мал азықтық дақылдарды егу үшін алдын-ала топырақтың құрамын зерттеп жатыр. Сондай-ақ, гидропоникалық әдісті қолдану арқылы шырынды мал азығын дайындамақ. Мұның тиімділігі, 2 кг. астық дәнін сеуіп, 7 күнде 12 кг. шырынды мал азығын алып, өнімділікті жоғарылату.