Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Фото: newtimes.kz
125
оқылды
Синоптиктер 17 қазанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 17 қазанда Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, оның жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 17 қазанда Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, 18 қазанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. 17 қазанда тәулік бойы 18-19 қазанда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.