Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 30 қазанға дейін ұзартылды. ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.
Құжатқа сәйкес, ШҚО аумағында шаруашылық және өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары 2021 жылғы 17 қазаннан бастап 30 қазанға дейін ұзартылады."Шектеу шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. Қаулыны меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлға орындауға міндетті", - делінген құжатта.