Грекияның Салоники қаласында самбодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Бәсекенің алғашқы күні Қазақстан құрамасының қоржынына қос жүлде түсті. Әуелі 53 келіде сынға түскен Алдияр Қарағұлов қола жүлдегер атанса, 58 келіде жарыс жолына шыққан Аман Бақытжанға қарсылас шақ келмей, алтын медаль жеңіп алды. Әлемнің 30-дан астам мемлекетінен спортшы келген бәсеке 17 қазанда мәресіне жетеді.