ШҚО-да көлігіне есірткі тығып, саудалаған ер адам ұсталды
ШҚО-да көлігіне есірткі тығып, саудалаған ер адам ұсталды
Фото: Sputnik.kz
142
оқылды
Өскемен қаласында полиция қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан ер адамды ұстады. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 38 жастағы азаматтың көлігін тінту барысында орындықтың артындағы қалташадан полимерлі түйіншекті тапқан.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 52,75 грамды құрайтын кептірілген марихуана болып шықты. Сондай-ақ күдіктінің пәтерін тінту барысында жатын бөлмедегі төсек астынан 30,36 грамм марихуана мен 15,30 грамм гашиш табылған», - делінген ақпаратта.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.