Павлодар облысының тағы бір ауылында карантин енгізілді
Павлодар облысының тағы бір ауылында карантин енгізілді
Павлодар облысының тағы бір ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді. Инфекция ошағында 20 үй құсының көзі жойылды, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстың ветеринария басқармасы хабарлады. Павлодар ауылының ветеринарлық пунктінің меңгерушісіне 9 қазанда үш құстың өлгені туралы жергілікті тұрғын хабарлады.
«2021 жылғы 11 қазанда Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа патологиялық материал және қан сарысуының екі сынамасы іріктеліп, зерттеу үшін жіберілді. Іріктеліп алынған сынамалар құс тұмауы бойынша оң нәтиже көрсетті», – деп хабарлады ведомстводан.
Павлодар қаласының бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша Павлодар ауылының әкімі жоғары патогенді құс тұмауы бойынша ауыл тұрғынының жеке ауласына карантин жариялады.