Нұр-Сұлтанда жол ақысын банк картасымен төлеуге болады

Нұр-Сұлтанда жол ақысын банк картасымен төлеуге болады

Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше қоғамдық көлік бағыттарында жол жүру ақысын кез келген екінші деңгейдегі банк картасымен төлеуге болады.

«VISA және Mastercard карталары, сондай-ақ NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасауға болады. Транзакция үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тигізу жеткілікті», – деді CTS компаниясы.
Бұл жоба пилоттық режимде іске қосылады және 31 қазанға дейін жалғасады. №61 қалалық бағыттағы үш автобуста, сондай-ақ қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 бағдарларда жүзеге асырылады.