"Электронды үкімет" порталын жасап шығуға және оның 2006-2016 жылдардағы жұмысына 46 млрд теңге жұмсалды. Бұдан өзге, LS басылымының мәліметінше, Қазақстандағы ақпараттық жүйенің жұмысына жыл сайын шамамен 9 млрд теңге жұмсалады. Ал жасап шығаруға – 17,3 млрд теңге, сондай-ақ, жыл сайын бұл сома өсіп отырады, — деп хабарлайды Ranking.kz сайты. Қазақстан "электронды үкіметті" дамыту бойынша, жақсы нәтиже көрсетіп, көптеген мемлекеттен алда келеді. Ал Ресейдің жағдайы керісінше нашарлауда. Еске салсақ, Қазақстан 2020 жылы 10 сатыға көтеріліп, 29-орынға жайғасқан болатын. Көрші елдің индексі 4 саты төмендеп, 36-орынға жайғасты.
"Осы орайда, Қазақстанның неліктен "электронды үкіметі" жолға қойылмаған мемлекеттен көмек сұрап отырғаны түсініксіз. Тіпті, "Сбербанкті" мемлекеттен тыс құрылым деп есептесек те, ол Ресей жағдайына пайдасын тигізбеген сияқты", – деп жазды Ranking.kz.Қазақстанда бүгінгі таңда "электронды үкіметтің" дамуына жауап беретін мемлекеттік компаниялар мен органдар бар. Мысалы:
- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
- "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ;
- "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ;
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ;
- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік қызметтер комитеті.