Танымал мультфильм балаларға қауіпті деп танылды
Танымал мультфильм балаларға қауіпті деп танылды
Сурет: glamcelebs.com

Бала тәрбиесі бойынша кеңесші Софи Гайлс Peppa Pig мультфильмін балалар мен жасөспірімдердің психикасы үшін қауіпті деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарапшы кішкентай шошқа туралы анимациялық серияны көрген балалар бұзық болады деп санайды. Бұл мультфильмде балалар әкесімен өктем үнмен қарым-қатынас жасайды. Кішкентай балалар бұлай сөйлеу дұрыс деп санап, ата-анасымен дәл осылай қарым-қатынас жасауы мүмкін.
"Мультфильмде әкесін үнемі келеке етеді, себебі бәрі оны ақымақ санайды. Ол бұл жағдайға күледі, бірақ бұл – ересек адам үшін жағымсыз жағдай", – дейді Джайлс. "Сонымен қатар, ата-аналар баласы қалаған нәрсені жасайды, бұл өмірдегі шынайы көрініске ұқсамайды. Балалардан бірнәрсе сұраған сайын күйгелек болады. Балаңыздың мұндай мінез-құлық танытқанын қаламайтын шығарсыз", – деді ол.
Психолог басқа мультфильмдерді де сынға алды. Paw Patrol, Little Princess және Fireman Sam секілді мультфильмдер балаларға оң әсер бермейтінін айтты. Маман ата-аналарға бірнеше эпизодты өздері қарап, бағалауға кеңес берді. Оның пікірінше, ересектер содан кейін баланың мінез-құлқына теріс әсер ететініне көз жеткізе алады. 2019 жылы америкалық ойыншықтар шығаратын Hasbro компаниясы бағасы 4 миллиард доллар болатын келісім жасағаны туралы хабарланды. Бұл ақшаға ол канадалық Entertainment One компаниясынан "Peppa Pig" мультфильмінің құқығын сатып алғысы келген.