ҚР Премьер-Министрі сайтындағы парақшаларға шабуыл жасалды
ҚР Премьер-Министрі сайтындағы парақшаларға шабуыл жасалды
137
оқылды

ҚР Премьер-Министрі сайтындағы ресми парақшаларға фишингтік шабуыл жасалды, – деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

"Құрметті Facebook қолданушылары! ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының парақшалары @Primeminister.kaz, @primeminister.kz, @PrimeMinister.int фишингтік шабуылға байланысты уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз. Қазір Facebook платформасымен парақшаларды қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Барлық ақпарат PrimeMinister.kz сайтында және Twitter, Vk, Instagram желілеріндегі ресми парақшаларда жарияланады", – делінген баспасөз қызметінде.