Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады-17.10.2021
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады-17.10.2021
Фото: news.myseldon.com
Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, – деп хабарлайды Қазгидромет. "Ауқымды антициклон әсерінен елде жауын-шашын болмайды. Батыста ғана жаңбыр жауады. Солтүстік пен шығыста – тұман, оңтүстік өңірлерде жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады", – деп жазылған хабарламада.  18 қазанда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.