Сапар аясында Арнаулы өкіл Ержан Қазыхан Ауғанстанның қазіргі әкімшілігінің өкілдері Абдул Ғани Барадармен және Амир Хан Мутаккимен кездесулер өткізді, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесулер барысында Қазақстанның ауған халқына көрсетіп жатқан гуманитарлық көмегі мен сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланды.
Еліміздің делегациясының басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн жеткізілгенін атап өтті. Сондай-ақ Ержан Қазыхан Қазақстанның ауған тарапына отандық QazVac вакцинасын беру туралы ұсынысын жеткізді.