Алматыдан ұшқан Air Astana ұшағы әуежайға оралуға мәжбүр болды
Алматыдан ұшқан Air Astana ұшағы әуежайға оралуға мәжбүр болды
289
оқылды
«Алматы – Нұр-Сұлтан» рейсін орындап жатқан ұшақ техникалық ақауға байланысты ұшу орнына қайта оралды, – деп хабарлайды «Air Astana» әуекомпаниясының баспасөз қызметі.
"Сағат 16.50-де Алматы – Нұр-Сұлтан рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының Embraer 190 Е2 ұшағы Алматы әуежайына оралды. Қону штаттық режимде өтті. Ұшақты ауыстырғаннан кейін жолаушылар  жергілікті уақыт бойынша 21.50-де қайта жолға шықты. Ұшақты қайтаруға командир мен екінші ұшқыштың жол жылдамдығы индикаторы көрсеткішіндегі айырмашылық болуы қайтуға себеп болған", – делінген хабарламада.
Еmbraer 190 Е2 ұшақтары ел ішінде және көрші елдерге баратын бағдарларда пайдаланылады. Embraer 190 моделі флоттан шығарылған.