Павлодарда түнде белгісіз біреу көлік өртеп жіберген
Павлодарда түнде белгісіз біреу көлік өртеп жіберген
Фото: stihi.ru
205
оқылды
Белгісіз біреу Павлодарда көпқабатты үйлердің бірінің жанында тұрған Mercedes көлігін өртеген. Өрт салдарынан қасындағы көлікке де зиян келген. Instagram желісінде осы оқиғаның видеосы пайда болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, автокөліктің мотор бөлігі мен салон толығымен жанып кеткен. Өрттің жалпы аумағы үш шаршы метрді құрады. Автокөліктен бензин аққан. Ауданы 20 шаршы метр бензин құйылғаны белгілі болды.
"1993 жылы шығарылған Toyota Carina E автокөлігі жоғары температура әсерінен зардап шеккен. Өрт 02.26-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады өңірлік ТЖД.