Франция тұрғыны 220 миллион еуро ұтып алды
Франция тұрғыны 220 миллион еуро ұтып алды
Фото: mirnov.net
236
оқылды
Франциялық тұрғын EuroMillions лотереясында 220 миллион еуро ұтып алды. Бұл - Еуропадағы лотереяда бұрын-соңды болмаған ең үлкен ақшалай сыйлық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін осы жылдың ақпан айында Швейцариялық тұрғын 210 миллион еуро супер джекпот ұтып алған болатын. Францияда соңғы 200 миллион еуролық рекордтық жеңіс 2020 жылдың желтоқсанында тіркелген. EuroMillions лотерея билеті екі жарым еуро тұрады. Жалпы алғанда, лотереяға 200 миллионға жуық адам қатысады.