«Астана» велошабандозы «Венето Классик» бәйгесінде топ жарды
«Астана» велошабандозы «Венето Классик» бәйгесінде топ жарды
Фото: prosports.kz
208
оқылды

«Астана» велокомандасының 22 жастағы мүшесі Самуэле Баттистелла «Венето Классик» біркүндік жарысының жеңімпазы атанды. Финишке екінші «UAE-Team Emirates» командасының велошабандозы, швейцариялық Марк Хирши жетті. Үшінші орында «Androni Giocattoli - Sidermec» командасынан колумбиялық Джонатан Рестрепо болса, төртінші болып «Астанадан» Алексей Луценко келді. Жарыстың жалпы ұзақтығы – 206,5 шақырым.