Қазақстанда зейнеткерлер зейнетақыны әртүрлі банктердің картасымен алады. Көптеген адамдар коммуналдық қызметтерді комиссиясыз ыңғайлы төлеп, заттарды тиімді сатып алу үшін ақшасын бірден Kaspi Gold-қа аударады.
Бұрын зейнетақыны Kaspi Gold-қа алу үшін картаны ауыстыруға ХҚКО-ға барып, құжаттарды қайта рәсімдейтін. Енді үйден шықпай-ақ Kaspi.kz қосымшасында өтініш беру жеткілікті. Қайта рәсімдеуді Kaspi жүргізеді және клиент келесі зейнетақыны Kaspi Gold-тан алады.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры Анар Төлеубаева былай деп атап өтті: «Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде екінші деңгейлі банктердің технологиялық платформаларын қолдану – халықты электронды мемлекеттік қызметтермен қамту аясын кеңейтуге және қызметті тұтынушыға рәсімдеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЕДБ-мен бірге зейнетақы төлемдерін алушылардың банктік шоттарының деректемелерін өзгерту қызметін енгізді. Осылайша, егер банктік деректемелерді өзгерту қажет болса, зейнетақы алушылар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, тікелей банктер арқылы өтінім бере алады. Министрлік бұл қызмет арқылы қолжетімді болатын әлеуметтік төлемдердің тізімін одан әрі кеңейтуді қарастыруда».Kaspi.kz-тің басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былай деді: «Біз өз клиенттерімізге үнемі зейнетақыны басқа картадан Kaspi Gold-қа аударып жүру ыңғайсыз екенін түсінеміз. Біз сонымен қатар сүйікті клиенттеріміздің, әсіресе, қарттардың, пандемия кезінде зейнетақыны Kaspi Gold-қа алуға өтініш беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барғанын қаламаймыз. Сондықтан біз Еңбек министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-пен бірлесіп, зейнетақыны ең танымал Kaspi Gold картасына алуға арналған онлайн қызметті жасадық. Бізбен бірге болған әрбір сүйікті клиентімізге рақмет!».
Kaspi Gold картасы арқылы қазақстандықтар үйден шықпай-ақ, комиссиясыз коммуналдық қызметке, ұялы байланысқа және басқа да көптеген қызметтерге төлем жасап; жақын адамдарына жедел ақша аударып; дүкендерде зат сатып алады және Kaspi бонустарын жинайды. Енді зейнеткерлер үшін Kaspi.kz-тің барлық қызметтерін пайдалану одан да жеңіл әрі ыңғайлы болды.