Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, 2 адам қаза тапты.
Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 17 қазан күні кешкі уақытта болған. «Өскемен-Шемонаиха» тасжолының 52-шақырымында ВАЗ-2109 автокөлігі мен МАЗ маркалы жүк көлігі соқтығысты. Оқиға орнында ВАЗ-2109 көлігінің 65 жастағы жүргізушісі мен 63 жастағы жолаушысы көз жұмды. Тергеу жүргізіліп жатыр.Бұған дейін астанада жол апатынан жалғыз өзі тірі қалған қыз туралы жазған болатынбыз.