Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Түркістан облысында екі көлік соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Фото: kaz.tengrinews.kz
155
оқылды

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 16 қазан күні сағат 19:14 шамасында Шардара аудандық полиция бөліміне жол апаты туралы хабар түскен.

Жетісай-Шардара тасжолының 172-шақырымында Opel Vectra көлігі жолдың қарсы бетіне шығып, Audi-100 автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан оқиға орнында екі көліктің жүргізушісі мен 4 жолаушы қаза тапты. Арасында кәмелетке толмағандар да бар.

Зардап шеккен 6 жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.