Қазақстандық таэквондошы Черногорияда өткен турнирде алтын жүлдегер атанды
Қазақстандық таэквондошы Черногорияда өткен турнирде алтын жүлдегер атанды
183
оқылды
Черногория астанасы Подгорицада таэквондодан рейтингілік турнир аяқталып, қазақстандық Жансель Дениз алтын жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жансель турнирді екінші айналымнан бастады. Ол алдымен Молдова, кейін Бразилия спортшысын жеңген. Ал финалда түркиялық Хури Куркуттан басым түсті. Қола жүлдені Бразилия және Хорватия таэквондошылары иеленді.