Қазақстанда ет қымбаттауы мүмкін
Қазақстанда ет қымбаттауы мүмкін
© ratel.kz
257
оқылды
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев еттің бағасы біршама өсетінін айтты, деп хабарлады baribar.kz.
Биыл жеп-шөп бағасы өсіп отыр. Сол себепті еттің бағасы өсуі ықтимал. Ет өндіріп отырған шаруа қожалықтары өздерінің шығындарын өтеуі керек қой. Сондықтан еттің бағасы өседі деп болжап отырмыз, қатты өспейтін шығар, — деді Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.
Министрдің айтуынша, отандық кәсіпкерлер етпен ішкі нарықты қамтамасыз етуге қауқары бар. Мәселен, сиыр етімен – 97 процент, қой етімен – 100 процент, ал жылқы етінің сұранысы 97,5 процентке жауып отыр.
Сондықтан ішкі нарықта етке деген сұраныс толықтай өзімізде өндірілетін өніммен жабылып отыр. Ал сырттан келетін ет көп емес. Өзіміздің шаруалар шығарып жатқан ет жеткілікті, — деп атап көрсетті Ербол Қарашөкеев.
Айта кетейік, биыл сегіз айдың ішінде еттің орташа бағасы 7,4 процент көтерілген. Соның салдарынан ет сатып алу көлемі азайды. Бір жылдың ішінде қойдың еті қатты қымбаттаған. Оның бағасы бірден 14,9 процент көтерілді. Одан кейін жылқы еті – 9,4 процент, сиыр еті — 7,8 процент, шошқа еті — 7,4 процент, ал құс еті 3,2 процент қымбаттады.