Түркістан облыстық Полиция департаменті түнгі ойын-сауық мекемелерінің бірінде есеп айырысудан бас тартып, төбелес шығарған адамның кім екенін анықтады.
Ол Түркістан қалалық мәслихатының экс-депутаты Ғани Меңдібаев болып шықты. Биыл наурызда өкілеттігін тоқтатқан.
«Оқиға орнына полиция жасағы шықты. Келген бетте тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның есеп төлеуден бас тартқанын анықтады. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материал сотқа жолданады. Сондай-ақ ер адамның бұрын қалалық мәслихат депутаты болғаны және осы жылдың наурыз айында өкілеттілігін тоқтатқаны анықталды», - деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.