Президент ТМД қауіпсіздігі мәселелері бойынша екі заңға қол қойды
Президент ТМД қауіпсіздігі мәселелері бойынша екі заңға қол қойды
© gov.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен заң жобасына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы «Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, делінген Ақорда сайтында.
Сонымен бірге Президент «Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен гуманитарлық минасыздандыру инженерлік бөлімшесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.