Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылар тізімі анықталды
Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылар тізімі анықталды
196
оқылды
Бокстан Сербия астанасы Белградта өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы анықталды. Боксшылар екі мәрте ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиыны барысында нақтыланды. Құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов төмендегі ойыншыларға сенім артты. 48 келі. Теміртас Жүсіпов 51 келі. Сәкен Бибосынов 54 келі. Махмуд Сабырхан 57 келі. Серік Теміржанов 60 келі. Саматали Төлтаев 63,5 кел. Санатали Төлтаев 67 келі. Абылайхан Жүсіпов 71 келі. Асланбек Шымбергенов 75 келі. Нұрқанат Райс 80 келі. Нұрбек Оралбай 86 келі. Бек Нұрмағамбет 92 келі. Айбек Оралбай 92 келіден жоғары Нұрлан Сапарбай Айта кетейік, әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2,6 млн АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаз 100 000 доллар алса, күміс жүлдегер 50 000, қола жүлдегер 25 000 доллар алады. Әлем чемпионаты 24 қараша және 6 қараша аралығында өткізіледі.