Онлайн санаққа қанша кісі қатысты?
Онлайн санаққа қанша кісі қатысты?
297
оқылды

Үкімет Қазақстан халқының мейлінше көп бөлігі жалпы­ұлттық санаққа жаңа форматта – онлайн қатысуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Тіпті, осы іске мұғалімдер жұмыл­дырылған: сынып жетекшілері ата-аналар чаттары арқылы оқушылардың ата-аналарынан санақтан онлайн өтіп, соны дәлел­дейтін кодты жіберуді талап еткен. Нәтиже не болды?

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкеловтің хабарлауынша, қазақстандық­тардың 39,6 пайызы халық санағы­ның сауалдарына онлайн режимде жауап берді. «16 қазаннан бастап санақ сауалдарына онлайн режимде жауап беру функциясы тоқтатылды. 45 күн ішінде халқымыздың 40%-ға жуығы немесе 7 527 458 адам са­нақ­тан өтудің осы жолын таңдады. Ал біздің интервьюерлер 3 миллион 792 мыңнан аса адамға сауалнама жүргізген. Осылайша, санақтан өткендер үлесі бүгінде 60 пайызға жетті», – деді бас статистикашы. Онлайн санақтан өтпегендердің үйлеріне 30 қазанға дейін интервьюерлер барады. Ал онлайн жауап бергендер санақтан өткені туралы sms-хабарлама жіберу не өзіне айту арқылы интервьюерлерді құлағдар етуі керек. Оларға сауалнама қайта жүргізілмейді. «Халық санағы – еліміз үшін аса маңызды шара. Сондықтан оған бір кісідей жұмылып, атсалысуымыз қажет. Интервьюерлер де ел азаматтары екенін ұмытпайық. Ең­бегін бағалап, құрмет көрсетіп, түсіністік танытуларыңызды сұ­рай­­мыз», – деді Н.Айдапкелов.  

Елдос СЕНБАЙ