Статиге арналған жеке сайт ашты

Статиге арналған жеке сайт ашты

Қазақстанның Әділет министрлігі мен әкелі-балалы алаяқ Статилердің шетелдік әртүрлі арбитражда соттасқанына биыл 15 жыл толды. Дау-жанжалдың аяқталар түрі жоқ. Осы орайда Әділет министрлігі «Анатолий және Габриэль Стати жасаған алаяқтық туралы дәлелдемелерді жариялау үшін жаңа веб-сайтты іске қосқанын» (www.kzarbitration.com) жариялады.

Веб-сайттың негізгі мақсаты осы күрделі іс туралы нақты ақ­парат­ты тарату және тиісті дәлел­дермен халықаралық қоғамдас­тықты таныстыру болмақ. «Бұл ақпарат қоры осы істің ашықтығын арттырады және алаяқ Статидің Қазақстанға және оның халқына зиян келтіру мақ­сатында таратып келе жатқан дезинформациясын жоққа шы­ғарады. Ондағы сот қаулылары, сараптама қорытындылары және басқа да жалпыға қолжетімді құ­жаттар түріндегі дәлелдемелер Статидің кем дегенде 2006 жылдан бері күрделі және көпқырлы алаяқтық схемасын жүзеге асырып жүргенін растайды», – деп түсініктеме берді министрлік. Веб-сайт молдовалық ағайын­ды бизнесмендердің халықаралық инвесторлардан қаражатты алаяқ­тық жолмен қалай алғанын, қар­жылық есептілікті бұрмалағанын, аудиторлық жалған қорытын­дылар алғанын және өздері жымқырған ақшаны өндіріп алу үшін Қазақстанға қарсы халық­аралық арбитражды қалай өріс­тет­кенін түсіндіреді. Алаяқтық туралы толық ақ­парат хронологиялық тәртіппен жазылған. Ведомство ондағы ақпаратты оқиғалардың дамуына қарай үнемі жаңартып отыруға уәде етеді.

Ерік ЕРДЕНОВ