19 қазанға арналған ауа райы болжамы
19 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: yandex.kz

«Қазгидрометтің» мәліметінше, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с күшпен жел соғады, екпіні 23 м/с-ке артады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22 м/с-ке артады. Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке күшейеді. Атырау облысының батысында, оңтүстік және орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында – тұман, күндіз Қостанай облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.