Әйелін қызғанған 35 жастағы атыраулық жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан
Әйелін қызғанған 35 жастағы атыраулық жуынатын бөлмеге жасырын камера орнатқан
Фото: www.earth.com
572
оқылды

Атырауда 35 жастағы жігіт туысының үйіне камера қойған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полицияға 36 жастағы әйел шағымданған. Полицияға 17 қазанда 36 жастағы әйел хабарласып, пәтеріндегі жуынатын бөлменің қабырғасына жасырын камера орнатылғаны туралы арызданған. Жеке өмірге қол сұққан күдікті арызданған әйелдің күйеу баласы екені анықталды.

«Ауданда тұратын күйеу баласының айтуынша, әпкесінің үйіне жиі қонаққа баратын әйелін қызғанып, жасырын камера орнатқан. Камераның жанына қуаттағышын жалғаған 35 жастағы күдікті қылмысын толықтай мойындады», – деді полицейлер.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.