Қызылорда облысында қоқыстан сәбидің денесі табылды
Қызылорда облысында қоқыстан сәбидің денесі табылды
Фото: privet-rostov.ru

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің денесі табылды, – деп жазады Sputnik.kz.

Төретам кентінің Жанқожа батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс контейнері жанында жатқан сәбиді аула сыпырушы көрген.

«Қоқыс жинап жүрген аула сыпырушы контейнер маңында жатқан шала туған баланың мәйітін тауып алды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бойынша іс қозғалды», – деді Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Шымкент қаласында қоқыс жәшігінен жаңа туған баланың денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.