Қызылорда облысы Қармақшы ауданында қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің денесі табылды, – деп жазады Sputnik.kz.
Төретам кентінің Жанқожа батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс контейнері жанында жатқан сәбиді аула сыпырушы көрген.Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.«Қоқыс жинап жүрген аула сыпырушы контейнер маңында жатқан шала туған баланың мәйітін тауып алды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтiруi) бойынша іс қозғалды», – деді Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі.
Бұған дейін Шымкент қаласында қоқыс жәшігінен жаңа туған баланың денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.