Сыртқы істер министрлігі екі қазақстандықтың арасындағы жанжалға қатысты хабар таратты, – деп жазады Tengrinews.kz.
Күдікті Қазақстан азаматы тұтқындалып, тергеу изоляторында жатыр. Екі қазақстандық та Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген.«Биыл 12 қазанда Чонджуда (Корея Республикасы) Қазақстанның екі азаматы арасында жанжал болып, нәтижесінде қатысушылардың бірі пышақ жарақатын алып, қайтыс болды» делінген Қазақстан СІМ-нің ресми хабарламасында.
Марқұмның мәйітін Қазақстанға жіберу мәселесі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.