Коронавирустың қаупі: Қытайда өтетін әлем чемпионаты 2021 жылға ауыстырылды
Коронавирустың қаупі: Қытайда өтетін әлем чемпионаты 2021 жылға ауыстырылды
Фото: Интернеттен алынды
227
оқылды
Биыл наурызда Қытайда өтеді деп жоспарланған жеңіл атлетикадан жабық ғимаратта өтетін әлем чемпионаты коронавирустың кесірінен 2021 жылға ауыстырылды, – деп жазады Ұлттық олимпиадалық комитетінің ресми сайты. Комитеттің хабарлауынша, әлем чемпионаты биыл 13-15 наурыз аралығында Қытайдың Нанкин қаласында өтуі керек еді. Алайда, Халықаралық федерацияның баспасөз қызметі аталған біріншілікті (2020 жылдың 13-15 наурызы) 2021 жылдың наурызына ауыстыру туралы шешім қабылдағанын жариялады.
«Қытай коронавируспен күресте аянып қалмайды. Ал біз сол үшін оларға бар жағдайды жасауымыз қажет. Біз спортшылар мен федералды биліктерге және серіктестерге бұл аймақтағы спорттық жарысқа қатысты мәселенің қалай шешіліп жатқанын нақты жеткізуіміз керек. Бұл әлем чемпионатын өткізбеу туралы шешім қабылдаған жоқпыз. Өйткені, көптеген спортшылар бұл турнирді асыға күтіп жүр. Сол себепті, жарысты 2021 жылға ауыстырдық» делінген ресми хабарламада.