«Әкеңнің танысымын» – кәсіпкердің баласын қорқытып, сейф ұрлаған алаяқ ұсталды
«Әкеңнің танысымын» – кәсіпкердің баласын қорқытып, сейф ұрлаған алаяқ ұсталды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында полицейлер сейф ұрлаған күдіктіні ұстады.

Кәсіпкер ұрлық туралы Ерейментау АПБ кезекші бөліміне 14 қазанда арызданған.

Сағат 13.00-де белгісіз ер адам өзін «әкесінің танысы» деп таныстырып, жәбірленушінің кәмелетке толмаған ұлын қорқытып, 2,5 миллион теңгеден астам ақша сақталған металл сейф пен ОРРО А5 маркалы ұялы телефонды алып кеткен.

Баланың айтуынша, қаскүнем үйге маска мен қолғап киіп келген. Полицейлер күдіктінің астанада тұратын 33 жастағы Ерейментау қаласының тумасы екенін анықтады.

17 қазанда қаскүнемнің жұмыс орнын тексеру кезінде ұялы телефон мен сейф тәркіленді. Ұры сейфтегі ақшаны ала алмаған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.