Ақмола облысында полицейлер сейф ұрлаған күдіктіні ұстады.
Кәсіпкер ұрлық туралы Ерейментау АПБ кезекші бөліміне 14 қазанда арызданған.Баланың айтуынша, қаскүнем үйге маска мен қолғап киіп келген. Полицейлер күдіктінің астанада тұратын 33 жастағы Ерейментау қаласының тумасы екенін анықтады.Сағат 13.00-де белгісіз ер адам өзін «әкесінің танысы» деп таныстырып, жәбірленушінің кәмелетке толмаған ұлын қорқытып, 2,5 миллион теңгеден астам ақша сақталған металл сейф пен ОРРО А5 маркалы ұялы телефонды алып кеткен.
17 қазанда қаскүнемнің жұмыс орнын тексеру кезінде ұялы телефон мен сейф тәркіленді. Ұры сейфтегі ақшаны ала алмаған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.