Облыс әкімінің орынбасары 83,7 миллион теңге жымқырған ба?
Облыс әкімінің орынбасары 83,7 миллион теңге жымқырған ба?
Фото: 7-su.kz
109
оқылды

Дереккөздің жазуынша, әкімнің орынбасары 83,7 млн теңге жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

«Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен ол «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне 83,7 млн теңге көлемінде инвестициялық субсидияны заңсыз төлеу арқылы бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Инвестициялық субсидиялар келісімшарттарын жасау және инвестициялық субсидияларды төлеу Қ.Нұрлыбаевтың Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы (бұл лауазымға 2019 жылдың 5 маусымында тағайындалған) болып жұмыс істеген кезінде 2019 жылғы 26 маусымнан 4 желтоқсанға дейін жүзеге асырылған. Бүгінде «Бұйырғын» кооперативі 83,7 миллион теңге қарызды толық көлемде өтеген. Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне Қ.Нұрлыбаев 2021 жылдың қаңтарында тағайындалды. Ал Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі қызметіне 2019 жылдың 18 желтоқсанында кірісті», – деп жазады Ақ Жайық басылымы.

Бұған дейін Парақорлар: тұтылғанынан құтылғаны тез деп жазған болатынбыз.