Із-түзсіз жоғалған ер адам ұрлық жасап ұсталды
Із-түзсіз жоғалған ер адам ұрлық жасап ұсталды
Фото: yandex.kz
147
оқылды

Биыл 17 қазан күні Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 59 жастағы тұрғын арызданды.

Ол Әуезов көшесінде кәріз құдығының шойын қақпағын ұрлап әкеткеніне шағымданды. Шығын көлемі – 20 мың теңге.

Полицейлер ұрыны ұстады. Күдіктілердің бірі, Целиноград ауданының 19 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол 16 қазанда із-түзсіз жоғалған. Тергеу жүргізіліп жатыр.