Түркістан облысында мектеп директоры мен білім саласындағы шенеунік ұсталды

Түркістан облысында мектеп директоры мен білім саласындағы шенеунік ұсталды

Түркістан облысында мұғалімді жұмысқа орналастырғаны үшін пара алған аудандық Адам әлеуетін дамыту бөлімінің басшысы мен ауыл мектебінің директоры ұсталды, - деп хабарлады  Түркістан қалалық мамандандырылған тергеу соты.  Түркістан тергеу сотының судьясы Сайрам аудандық адам әлеуетін дамыту бөлімінің басшысы Құралай Шадиева мен жергілікті №14 мектептің директоры Арман Пернебаевқа қатысты қаулы шығарды. Оларға Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша айып тағылып отыр. Сот екеуін де қамауға алуға және тергеу кезінде тұтқында ұстауға санкция берді. Олар өткен аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу жұмыстары нәтижесінде ұсталды. Күдіктілер мектепке мұғалімді жұмысқа орналастыруды ұсынып, миллион теңге сыйақы алмақ болған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Екі күдікті де өздерін кепілмен босатуды сұрады, олар жылжымайтын мүлік пен қолма-қол ақша беруге дайын. Олардың өтінішін Түркістан облыстық соты қарастырады.