Далада қалған тұрғынға үй салып берді
Далада қалған тұрғынға үй салып берді
147
оқылды
Ырғыз ауданының тұрғыны Серік Бақтыбаев «Nur Otan» партиясы Ырғыз аудандық филиалының бірінші орынбасары Марат Тұрымовтың қабылдауында болып, отбасы қиын жағдайға тап болғанын айтты. «Апат айтып келмейді» дегендей, күнделікті тұтынып жүрген газ балоны жарылып, үйі қирап, қыстың көзі қырауда далада қалған. Өтініш иесін қабылдаған «Nur Otan» партиясы Ырғыз аудандық филиалының бірінші орынбасары Марат Тұрымов аталған мәселе бойынша алдағы уақытта жеке кәсіпкерлерден және аудан тұрғындарынан көмек сұрайтынын жеткізді. Жеке кәсіпкердің  демеушілігімен және аудан тұрғындарының, ел азаматтарының қолдауымен  аталған мәселе оң шешімін тапты. Сәрсенбаев көшесінен заманауи үлгідегі баспана бой  көтерді. Бақтыбаевтар отбасы ауыл тұрғындарына, жеке кәсіпкерлерге алғыс білдірді.