Ота жасауға көмектесті
Ота жасауға көмектесті
217
оқылды
Аудан әкімінің қабылдауында болған жалғызбасты, көпбалалы ана Дина Датқабаева ұлының денсаулық жағдайы туралы баяндап, ота жасатуға қаражаты жетпейтінін айтқан еді. Қазығұрт ауданы әкімі, аудандық партия филиалы төрағасы Арман Айдарұлы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аталған отбасының жағдайымен танысып, аудандық емхана басшысы Бейбіт Орынбекұлына тапсырма беріліп, ота жасату үшін көмек беру тапсырылды. Осыдан кейін аудандық емхана басшысы Бейбіт Орынбекұлы  «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында порталға ендіріп, ота жасалды. Дина Датқабаеваның ұлына Шымкент қаласында  жасалған ота сәтті шықты. Көпбалалы ана партияға алғыс білдірді.