Волонтерлер Павлодар облысында дала жаттығуларын өткізеді
Волонтерлер Павлодар облысында дала жаттығуларын өткізеді
136
оқылды

«Қауіпсіз өмір» жобасы аясында 2021 жылдың қазан және қараша айларында Павлодардағы Қызыл Жарты Ай волонтерлері облыстың 10 ауданы мен 3 қаласында төтенше жағдайларды ликвидациялау және апат қаупін азайту бойынша іс-шараларды іске асырады.

Волонтерлер тұрғындармен ықтимал қауіп-қатерлерді бағалауды жүргізіп, аумақтардың қауіп-қатер карталарын жасайды. Төтенше жағдайлар кезінде тұрғындардың рөлі мен орнын анықтайды. Жоба «Шеврон» компаниясы және Орталық Азияның Еуразия қорымен әріптестікте «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында жүзеге асады. Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы гуманитарлық салада мемлекетке көмекші ұйым бола отырып, мемлекеттік қызметтерге халық арасында апат қаупін азайтуға жәрдемдеседі. Қызыл Жарты Ай волонтерлері төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға алғашқы көмек көрсетеді. Мұндай қызмет Павлодар облысы тұрғындарына ауадай қажет, өйткені бұл аймақ табиғи және техногенді сипаттағы түрлі төтенше жағдайларға душар. Су тасқыны, қарлы боран, қатты аяз және көктайғақ, орман және дала өрттері жиі қауіп тудырып жатады. Күзгі және қысқы уақытта көктайғақ көлік апаттарының көбеюіне, адамдардың жарақат алуына және өліміне жиі себеп болады. Павлодар Волонтерлер төтенше жағдайларға дайындықтан басқа Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімімен және Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп қалалық іс-шараларға белсенді қатысуда және зардап шеккендерге медициналық құтқару қызметтері келгенге дейін алғашқы көмек көрсетуде. Мысалы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Павлодар облысының ТЖД-мен бірлесіп волонтерлер «Судағы қауіпсіздік» атты профилактикалық рейдтеріне қатысты. Қазан айында жалпықалалық жәрмеңкеде тұрғындарды әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтау туралы хабардар етті және бұқаралық қоғамдық іс-шараларға (тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған веложарыс, «Мейірімділік күні» қалалық акциясы, ағаш отырғызу бойынша «Даңқ аллеясы» акциясы) қатысып алғашқы көмек пунктін ұйымдастырды. Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы – әлемдегі ең ірі гуманитарлық Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысының бір бөлігі. Оның міндеті – адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету, адам өмірі мен денсаулығын қорғау, әсіресе қарулы қақтығыстар мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде адамдарға деген құрмет пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.