Үйі өртенген тұрғынға қаржылай көмек көрсетілді
Үйі өртенген тұрғынға қаржылай көмек көрсетілді
186
оқылды
«Nur Otan» партиясы Панфилов аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне Жаркент қаласының тұрғыны Шайгүл Кенжебекова қыркүйек айында үйінде өрт болып, үйі барлық дүниесімен қоса өртеніп, далада қалғанын айтып, көмек сұрады. "Nur Otan" партиясы Панфилов  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Қ.Досмаилов өтініш иесі Шайгул Кенжебекованың  мәселесін оңынан шешу жолын қарастырды. Осыдан кейін аудандық мәслихат депутаты Ризван Абдуликимқызының қабылдауы ұйымдастырылды. Осылайша, өтінішпен келген азаматшаға өртке оранған үйінің шатырын толығымен жабуға жалпы құны 460 000 (төрт жүз алпыс мың) теңге көлемінде қаржылай көмек берілді.  Отбасы алғысын білдірді.