Серік Сәпиев Спорт комитеті төрағасы қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді
Серік Сәпиев Спорт комитеті төрағасы қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді
©️Хабар 24
176
оқылды

Танымал боксшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен өз еркімен кеткенін хабарлады.

"Достар! Мен, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге шешім қабылдадым. Мен, осы қызметті атқарған жылдары, жанымда көмек еткен барша басшыларға және әріптестеріме рахметімді білдіремін! Алайда, еліміздің спорт саласында еңбек ететін боламын", – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Бұған дейін Серік Сәпиев Спорт комитетінің төрағасы қызметінен босатылғанын хабарлаған болатынбыз.