11 жастағы бала әкесінің көлігін айдап әкеткен
11 жастағы бала әкесінің көлігін айдап әкеткен
192
оқылды
Шахтинск қаласында әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім ұсталды. Әкесі полицияға арыз түсірген. Бірақ қылмыстық істі тоқтатуға тура келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.  16 қазанда қалалық полиция бөліміне 38 жастағы ер адам арызданып, белгісіз біреу жеке меншік үйдің ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткенін хабарлады. Шығынның көлемі 800 мың теңгеге бағаланды. Шахтинск қаласының криминалдық полиция басқармасының мамандары бірден шұғыл іздестіру шараларына кірісті. Бірнеше сағаттың ішінде ұрланған көлік қала көшелерінің бірінде тоқтатылды. Рөлде отырған 11 жастағы бала көлік иесінің ұлы болып шықты. Ол әкесінің темір тұлпарын рұқсатсыз мініп кеткен.