СҚО-да скутер мінген жігіт жол апатынан қаза тапты
СҚО-да скутер мінген жігіт жол апатынан қаза тапты
216
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында скутер мінген екі жігіт электр бағанына соғылды, деп хабарлайды Polisia.kz. ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19 қазанға қараған түні Тайынша ауданының орталығында болған. PEDA скутеріне мінген 19 жастағы жергілікті тұрғын рөлге ие бола алмай қалып, электр тарату желісі бағанына соғылған. Салдарынан жігіт апат орнында мерт болды. Оның 21 жастағы жолаушысына дәрігерлердің көмегі қажет болды, кейін үйіне жіберілді. Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. СҚО-да тоғыз ай ішінде 23 адам қаза тауып, 163 адам жарақаттанған 122 жол-көлік оқиғасы тіркелді.