Оралда жүргізуші итті көлікке байлап, көшеде сүйреген
Оралда жүргізуші итті көлікке байлап, көшеде сүйреген
Фото: Sputnik.kz
115
оқылды
Оралда жүргізуші итті көлікке байлап, көшеде сүйреген. Оқиғаны облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсіндірді, деп хабарлайды "Мой город" сайты. Әлеуметтік желіде көлікке байланған итті көшеде сүйреп бара жатқан видео таралып жатыр. Видео авторы артта келе жатқан көлікте не болып жатқанын видеоға түсірген. Оның айтуынша, кадр Оралда түсірілген. Қалалық полиция бөлімі көлік жүргізушісін анықтады. Ол - Орал қаласының 55 жастағы тұрғыны.
"Өкінішке орай, ит өлді. Бұл дерек полиция бөлімінде тіркелді. Қазір қызметкерлер оқиғаның себептерін анықтап жатыр", - деп хабарлады полиция.
Бұл Қазақстанда жүргізушілер иттерді көлікке байлап, қала көшелерімен сүйреген бірінші жағдай емес. Бұған дейін Екібастұзда 2020 жылдың соңында және Атырауда қаңтарда болған.